Түркістан облысының аумағында көші-қон арналарындағы ықтимал қауіпті шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан орын алатын қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни экстремизм мен терроризмге қарсы қауіпті шетелдіктерді анықтау қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын жүргізу бойынша оқу сабақтарын өткізді.
Іс-шараға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, түрлі қауіптер туындаған кездегі іс-қимылдардың негізгі әдістерін талқылады. Діни экстремизмге тиімді қарсы тұруға көмектесетін теориялық қана емес, практикалық дағдылар көрсетілді.