Жыл басынан бері қала аумағында 181 өрт фактісі тіркеліп, салдарынан 2 адам мерт болған. Төтеншеліктердің сөзінше, мұндай оқыс жағдайаттардың басым бөлігі – өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан орын алады. Сондықтан тиісті мамандар, арнайы баспасөз брифингін ұйымдастырып, қала тұрғындарын электр желілерін ұдайы тексерістен өткізіп, газ балондары мен жанып кету қаупті бар элементтерге абай болуға шақырды.
Жыл басынан бері Шымкентте үш ірі сауда нысаны өртке орнанды. Қаңтар айында ескі қалашық аумағындағы сауда дүкендерін жалын шарпыса, Шілде айында «Ақбар» базары өртенді. Айтып ауыз жимай жатып-ақ «Авто-нұр» сауда орталығы да тілсіз жаудан жапа шекті. Еске сала кетейік, 9 тамыз күні «автонұр» базарының маңайындағы 8 киім дүкені мен асхана өртке оранған еді. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Бүгінде өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Жауаптылардың сөзінше, өрттің шығу себебі – электр желілеріндегі ақау.
«Әлеуметтік желілерде пікірлерді тыңдайтын болсақ өрт сөндірушілердің жұмысына оң баға беріліп жатыр. Уақытылы келді, уақытылы өртті ауыздықтады деп. Қабылданған шаралар негізінде 500 шаршы-аумақтағы өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Бүгінгі таңда өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын-ала болжам бойынша электр желілерінің қысқа тұйықталуы бойынша болып отыр өрттің себебі», — дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.
Ағымдағы жылдың жеті айында құтқару қызметі 3 мыңға жуық шақырту алып, 331 адамды ажалдан арашалап қалған. Мамандардың мәліметінше: орын алған төтенше жағдайлардың басым бөлігі тұрмыстық және өндірістік өрттердің салдарынан. Жыл басынан бері тап осындай 181 өрт фактісі тіркеліп, салдарынан 10 адам жарақат алып, 2 кісі қаза тапқан.
«Жалпы өртке оранған аумақ 159,2 г құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайыздық өсім көрсетіп отыр. Өздеріңізге мәлім ағымдағы жылдың жазы ыстық. КАЗГИДРОМЕД-тің айтуынша соңғы алдағы күндері өрт қаупінің 5 санаты сақталады. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесіне, ашық отты пайдаланғанда абай болуларыңызға, және мейлінше өз жер телімдеріңізде қөұрғақ шөп пен қоқыстарды уақытылы тазартып тұруға кеңес береміз», — дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.
Жыл басынан бері тиісті мамандар қатысуымен тұрақты түрде табиғи газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Онда тұрғындарға өрттің қандай жағдайда тұтанатынын түсіндіріп, алдын алу шаралары ұғындырылады.
«Бүгінгі таңда жыл басынан бері басқармамен бірге көшпелі жиындар, үгіт-наисхат жұмыстары – 36, мақала, пост — 46, кездесу, дөгелек үстел жиналыстар — 11, Брифинг, сұқбат — 8, арнайы әзірленген 36 100 дана жадынама таратылды. Бұл жұмыстар бойынша БАҚ-та, инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде жариялануда», — дейді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мәлік Әбдінұров.
Айта кетейік, төтеншіліктер тамыз айының 15 мен қыркүйек айының 15 аралығында өрт қауіпсіздік айлығын жүргізбек. Онда тиісті нысандар тексеріліп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жіті насихатталады. Жылыту