Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кезекті апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда 2023-2024 жылдардағы білім саласының қорытындысы және 2024-2025 жылдарға арналған жаңа оқу маусымына дайындық барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, 2024-2025 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қанағат хабарлама жасады.
Бұдан бөлек, «Сауран ауданының газ қызметі» КММ 2023-2024 жылдарға арналған жұмыстарының есебі туралы аталмыш мекеменің басшысы Кенжебай Жақсықылов, 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды қорытындылау және күзгі шақыру науқаны бойынша Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Дильмурат Нұржанов баяндап өтті.
Күн тәртібінде мәселе бойынша Түркістан қаласы және Сауран ауданы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы, полковник Дильмурад Нұржановтың мәлімдеуінше 2024 жылғы көктемгі мерзімге әскерге шақыруды қорытындылап, бекітілген жоспар орындалмағанын жеткізді. Межелік жоспарды орындамаған ауылдық округтерінің аттары аталып, жауапты мамандарына шара көруге ұсыныс берілді.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл түрде жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.