«Автонұр» базарындағы өрт ауыздықталды

56
фото kz.otyrar.kz

«Автонұр» базарындағы өртті оқшаулау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ОТЫРАР. Оқиға орнынан келген тілшілер жағдай бақылауға алынғанын хабарлады. Сағат 13:11-де өрт толық оқшауланды, зардап шеккендер жоқ.

Еркін Отарғалымұлы, Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары: «Автонұр» базарының қасында орналасқан жеке кәсіпкер Абдалиевке қарасты  асхана және сауда қатарлары өртеніп жатқаны анықталды. Қабылданған шаралар барысында өрт көршілес тұрған «Автонұр»  базарына таралуының жолы кесілді. Өрт 12:30 — да оқшауланып, 13:11 толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен салдары анықталу үстінде. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі адамдардың отпен абайсыз болуы және электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Нақты себебін анықтау үшін оқиға орнында  өрт зертханасы және анықтаушы тобы жұмыс істеуде».

Өрт сөндіруге ТЖД, ПД, ЖМКБ, ЖАО жеке құрамының 140-қа жуық адамы, 50 бірлік техникасы жұмылдырылды.