Цифрландыру саласына жаңа ІТ жобалар пилоттық түрде енгізілмек

29
фото ТО ӨКҚ

Алматы қаласында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтіп жатыр. Үш күнге созылатын жиынға еліміздің барлық аймағынан ІТ саласына қызығушылар келіп, тың идеялармен бөліседі.

Шара барысында жасанды интеллектінің тиімді тұстары баяндалады. Айта кетейік, аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысты.
Шара аясында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында туындайтын субъективті факторларды төмендету мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану және бейнебақылау камераларынан алынатын ақпараттарды жасанды интеллект арқылы талдау жүргізуге арналған бағдарлама жасау жобалары таныстырылды. Аталған жобалар алғаш рет пилоттық түрде Түркістан облысында сыналмақ.