Úı ANONS «Мектепке жол» акциясы Шымкент қаласының 10216 әскери бөлімінде жалғасын тапты

«Мектепке жол» акциясы Шымкент қаласының 10216 әскери бөлімінде жалғасын тапты

фото Шымкент гарнизон

 

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық жерде «Мектепке жол» акциясы өтуде. Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері де бұл шарадан шетте қалмады. Осы акция аясында 10216 әскери бөлімінің командирі полковник Орынбасар Жұбанов кіші сержант Мақсат Қуандықовтың үлкен отбасына барып, балаларға қажетті мектеп керек-жарақтарын, ойыншықтар мен тәттілерді табыс етті.

Мақсат Қуандықов 10216-А әскери бөлімінде бөлімше бастығы — жүргізуші лауазымын атқарады және он жылдан астам уақыттан бері Қарулы күштер қатарында қызмет етеді. Әйелі Майрамен бірге олар жеті бала тәрбиелеп отыр, олардың бесеуі мектеп жасында, ал кенже екеуі балабақшаға барады.

Бөлім командирі атап өткендей, мұндай акцияларға қатысу тек балаларға ғана емес, әскерилердің өздеріне де қанағат пен қуаныш әкеледі. Бұл күнделікті шаруалардан ойын ауыстырып, жігерлі де тәрбиелі жас ұрпақтың болашағын қалыптастыруға үлкен көмек болуы әбден мүмкін.

– Біз үшін әскери қызметшілерімізге қолдау көрсетіп, балаларына оқуда өте қажет сыйлықтармен қуанту үлкен бақыт. Шынында да, біздің барлағымыз ата–аналардың балдарын мектепке дайындау жолында қолдай отырып, олардың мектепке баратын жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін белсенділік таныта алады, — деп атап өтті 10216 әскери бөлімінің командирі полковник Орынбасар Жұбанов.

Кіші сержант Қуандықов үлгілі әскери қызметші және балаларына жақсы әке болып табылады, оларда жауапкершілік сезімін және білімге деген ұмтылысты тәрбиелейді. Оның балалары жаңа оқу жылын және оқу мен өзін-өзі жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін асыға күтеді. Өйткені, мектеп — бұл білім алуға арналған орын ғана емес, сонымен қатар жеке қасиеттер мен мінезді қалыптастыруға арналған кеңістік.

Адамда әлеуметтік жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін әскери дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді және мұндай әрекеттер болашақ ұрпақты игі істерге шабыттандырады. Әрбір сыйлық, әрбір күлімсіреу балаларға жақсылыққа деген сенім мен жарқын болашаққа деген үміт сыйлайды, яғни олардың «мектепке баратын жолы» білім мен мүмкіндіктер әлеміне қызықты жолдың бастауы болады.

Exit mobile version