Úı ANONS «Ордабасы» клубының бас бапкері қызметінен кетеді

«Ордабасы» клубының бас бапкері қызметінен кетеді

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Александр Седнев қызметінен кететін болды. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков желі парақшасында жазды.

Шаһар басшысы бас бапкерді жеке қабылдаған. Кездесу барысында ол өз еркімен жұмыстан кететінін мәлімдеген.

«Бас бапкерге жасаған жұмысы үшін алғыс айттым. Бұл өте маңызды әрі құнды болды. Футбол әрқашан эмоциялардан тұратыны белгілі. Ал Александр Седнев маман ретінде “Ордабасы” мен отандық футболдың дамуына зор үлес қосты. Оған алдағы кәсіби мансабында табыс тілеймін!,-деп жазды Шымкент әкімі.

Айта кетейік, Александр Седнев «Ордабасы» клубын жаттықтыруға 2021 жылдың басында келді. 2022 жылы оның басшылығымен клуб Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ал өткен маусымда тарихта алғаш рет премьер-лиганы жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

(Фото: instagram.com/gabit_syzdykbekov)

Exit mobile version