Париж-2024: Боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды

164

80 келі салмақтағы боксшымыз Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалдық жекпе-жегінде украиналық спортшы Александр Хижнякқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Төрешілер шешімімен жекпе-жек есебі: 2-3.

Айта кетейік, енді отандық боксшы Нұрбек Оралбайдың еншісінде жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынымен қатар Олимпиада ойындарының күміс медалі бар.

Еске салсақ, қазіргі таңда қазақстандық спортшылар жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс, 3 қолаға ие болды.

(Фото: Қазақстан Бокс федерациясы/Владислав Семенов)