Úı ANONS Полиция құрылыс дүкеніне ұрлыққа түскен екеуді анықтады

Полиция құрылыс дүкеніне ұрлыққа түскен екеуді анықтады

фото ТО ПД

Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізу кезінде құрылыс дүкенінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, құрылыс дүкенін сырттай бақылап жүрген күдіктілер
кешкі сағат 22:00-де ешкім жоқтығын пайдаланып, бір дана пластик есікті
жасырын ұрлап кеткен. Кейін алып кеткен затты үйіне пайдаланбақшы
болған.
 
Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған пластик терезені тәркілеп,
иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Exit mobile version