Қазығұрттық оқушылар робототехника жарысының жеңімпазы атанды

26
фото ҚА ӘБҚ

Жуырда Алматы қаласында өткен республикалық «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша X дүбірлі ашық чемпионатында Қазығұрт ауданы Qazygurt және Rob командалары робот тапсырмалары мен инновациялық жобалар бойынша сынға түсті.

Чемпионатқа Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінен 4 мұғалім, 12 оқушы қатысып, командалық есепте І орын иеленді.
Qazygurt Команда мүшелері
1. Камал Асылжан (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
2. Сайлау Нұрасыл (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
3. Нұралы Даянхан (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)4. Нұрғалиевна Сая (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)
Жетекшілері: Омирбаев Максат , Устенов Нұрсұлтан
Rob Команда мүшелері
1. Хамзе Абдулла (К.Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебі)
2. Абдрашитов Азизбек (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
3. Давронбек Гулмира (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
4. Әбдуәлі Ақниет (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)5. Айту Жайна (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)
6. Асқар Айнара (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
Жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастанов Ербол
Almaty Tech Cup X FIRST жарысында біздің жеткен жетістіктер:
1. Champions award finalist (Qazygurt)
2. Innovation Awards finalist (Rob)
3. Robot performance award finalist (Qazygurt)
Чемпионаттың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктіру,сондай-ақ жастардың робототехникасы мен инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ету болып табылады.
Чемпионат келесі бағыттар бойынша өткізілді.
— FIRST LEGO League Explore (6-10жас)
— FIRST LEGO League Explore (10-16 жас)
— WSO (12-18 жас)
— Drone Racing: Multi GP( жас шектеу жоқ)
— Minecraft Education(6-16 жас)
— Хакатон ( 12-18 жас)
Бүгінгі күнге дейін де робо жарыстарында аттары аталып жүрген оқушылар бабында. Алдағы уақытта да талай додаларда жарқырап, алдыңғы орындардан көрінетініне сенеміз. Чемпион атанған оқушылар Қырғызстан елінде өтетін чемпионатына жолдама алды.