С.Қожанов музейінде Абай күніне арналған тағылымды кездесу өтті

39
фото ТО ӨКҚ

10 тамыз – Абай күніне орай Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінде «Абайды таны, таңырқа!» тақырыбымен көрнекті абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, «Хәкім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбетовпен кездесу өтті. Басқасуға зиялы қауым өкілдері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, ұстаздар қауымы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов қатысып, аудан әкімінің сый-сияпатын жеткізді.

Жиынды музей басшысы Ниязалы Дүйсенбек ашып, Абай күнінің маңыздылығы мен өзектілігіне, кештің құрметті қонағының өмір жолына тоқталды. Абайтанудың білікті зертеушісі Жабал Алшынбекұлы бас ақынның әлемінің қыр-сырын жіктеп, көптеген қызықты мағлұматтармен бөлісті.
Шара барысында «Жас туристер станциясының» әдеби үйірмесінің шәкірттері Абай жырларынан шашу шашып, ән шырқады. Сондай-ақ «Абай әлемі» атты суретті көрме жасалып, қатысушылар назарына ұсынылды.