Úı Jańalyqtar Сайрамда 2 млрд. теңгенің зауыты іске қосылды

Сайрамда 2 млрд. теңгенің зауыты іске қосылды

фото: ТО ӘБҚ

Сайрам ауданында түрлі кәсіпкерлік нысандары шоғарланған. Аймақта ауыл шаруашылы өнімдерін өсіруден бастап, өңдеу өнеркәсібіне дейін дамып келеді. Сондықтан өңір әкімі еңбекқор ауданға жұмыс сарапмен барып, тіршілігімен танысты.

Сайрам ауданында биыл бірқатар кәсіпкерлік нысаны ашылады. Соның бірі Манкент ауылында салынып жатқан құрама жем зауыты. Қазір құрылыс жұмысының 60%-ы орындалған. кәсіпорын сағатына – 20 тонна, жылына 2000 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Мұнда шаруашылық жұмыстар автоматтандырылған жүйелер және заманауи жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.

Аймақта ауыл шаруашығын өңдеумен айналысан кәсіпорындар көптеп шоғарланған. Облыс басшысы Сайрамға іс сапармен барып, цехтардың атқарып жатқан жұмысымен танысты. Атап айтқанда «TAYIBA» сүт өңдеу зауыты қазір 10-12 түрлы өнім шығарады. Заманау технологиямен жабдықталған цех тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады.

Ал мұнда 3 гектар жерге зерттеуден өткізілген жүзім сұрыптары егілген. Озық инновациялық технология және машиналар кешенін тиімді пайдалану арқасында 1 гектардан 15 тонна өнім алу жоспарланып отыр.

Дәл осылай жаңа технология арқылы көп өнім алып, жергілікті жүзімді экспортқа шығару жолы семинар барысында талқыланды. Өңір басшысы бұл шаруашылық түрінің маңыздылығына тоқталды.

«Таптаурын тәсілдерден қашып, жаңа технологияларды батыл енгізу керек. Ғылым, ауыл шаруашылығы дамып бара жатыр. Биыл Қытайға барған сапарымызда жүзім алқаптарын көрдік. Өнімділік өте жоғары әрі жүзімдері ерекше дәмді. Біздің шаруаларға қалай өсіруді үйретуге дайын. Облысымызда жүзім шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Әр ауыл белгілі бір кәсіп түрі мен шаруашылыққа бейімделіп, жүйелі түрде өнім шығарса ғана экспорттық әлеует көтеріледі. Бірігу, ірілену, жаңа технологяиларды енгізу өте маңызды. Бұл ретте ғалымдарымыз да көмектесіп, жүзімнің төзімді, өнім мол беретін түрлерін әзірлеуге қолдау көрсетеді деп сенемін», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды жылына 20 мың тонна құбыр шығаратын зауыттың жай-күйімен танысты. Жоба «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған. Мұнда диаметрі 50 миллиметрден 600 миллиметрге дейінгі ПЭ-100 маркалы полиэтилен су құбырлары, диаметрі 50-630 мм газ құбыры өндіріледі. құрылысына 2 млрд теңге жұмсалған өндіріс орны, келешекте өнімдерін шетелге экспорттауды көздеп отыр.

Exit mobile version