Шымкентте «Автонұр» базары өртеніп жатыр

89
фото kz.otyrar.kz

Дәл қазіргі уақытта өрт сөндірушілер Шымкенттің Тұран ауданындағы базарда тұтанған  өртті сөндіруге күш салып жатыр.

«ОТЫРАР» тілшілері оқиға орнында болып, төтенше жағдайдың себебін анықтауда. Куәгерлердің айтуынша, қазір бірнеше бутик өртеніп жатыр.

Сатушылар тауарларын сақтап қалуға асығуда. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға барын салуда.