Тұрғынның ауласынан сора есірткісі тәркіленді

27
фото ТО ПД

Төлеби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар «қарасора» өсімдігіне ұқсас түптер сондай-ақ есірткіні қолдануға арналған құрылғыны тапты.
Қазіргі таңда осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, істің мән-жайы анықталуда.