Úı ANONS ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

фото kazbusiness.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына жоғары білім беру сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.
Мәселен, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалақы мөлшері 160,7 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті.
Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды. Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін осындай ай сайынғы қосымша ақы негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге де белгіленді.
40 жасқа толмаған дарынды жас ғалымдарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорының инвестициялық кіріс қаражатынан стипендия алу құқығы берілді.
Exit mobile version