Шымкент қаласындағы №2 балалар саз мектебінде Ашық есік күні өтті. Балаларға арналған тарихы тереңде жатқан білім нысанының ғимараты 2023 жылы қайта салынды. Бүгінде заманауи үлгідегі өнер ошағында 1800 баланың музыкалық, хореография және бейнелеу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.
Сахнада №2 балалар саз мектебінің оқушылары. Өнер әлеміне қадам жасап, таңдаған бағыттары бойынша дәріс алған бүлдіршіндер ұстаздарынан үйренгендерін ата-аналарының, келген қонақтардың назарына ұсынды.
Салтанат Жанкелдіқызы, хореограф: «Балаларды жазамыз, олар бізде 7 жыл оқиды. бітіргені туралы куәлік алады. Сабақтан ешкім қалмайды».
Ашық есік күні мерекелік іс -шарасы барысында ата-аналар өз балаларын қалаған үйірмелеріне жаздыртып қана қоймай, олардың жетістіктеріне де куә болды.