Билік өкіліне күш қолданғаны үшін жазасын алды

31
фото egemen.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды. ТСотталушы С.-қа ҚК-нің 380-бабы 5-бөлігімен билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті күш қолдану бойынша айып тағылған.

Істі қарау нәтижесімен анықталғаны:
С. 07.06.2024 жылы автокөлігін Шымкент қаласының Елтай елді мекені тас жолымен басқара отырып, ППП-ның инспекторы Т.-ның тоқтатып, автокөлігінің жарық шамы стандартқа сай еместігі себепті хаттама толтыратынын ескерткенінде, автокөлігін кері бағытқа бұрып, Т. оның автокөлігінің алдына тосқауыл болып тұрып алған кезінде алға жүріп, Т. автокөліктің капот бөлігіне жатып қалғанында біраз жүріп барып тоқтаған.
Сотталушының кінәсі дәлелденеді. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.
Тараптардың ұстанымы
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыпты ҚК-нің 380-бабы 5-бөлігімен бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.
Қорғау тарапы сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады.
Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде жасаған әрекетіне шын өкінуі, ауыр денсаулық және отбасылық жағдайы, жасөспірім баласы болуы танылды, ауырлататын мән-жай анықталмаған.
С. ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеді.