Úı ANONS «‎Еурохаттама»: Полицияның қатысуынсыз жеңіл жол-көлік оқиғаларын жүргізушілердің өздері рәсімдейді

«‎Еурохаттама»: Полицияның қатысуынсыз жеңіл жол-көлік оқиғаларын жүргізушілердің өздері рәсімдейді

фото ТО ПД

Бүгінгі таңда жүргізушілерге Еурохаттама туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «‎Еурохаттама» — бұл полиция мен соттың қатысуынсыз жеңіл жол-көлік оқиғаларын жүргізушілердің өздері рәсімдеуі.

«‎Еурохаттаманы» қолдану шарттары: ЖКО-ға тек екі автокөлік қатысады; өмір мен денсаулыққа зиян келмеуі керек, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбеуі тиіс;
ЖКО қатысушыларының өзара келісімі болуы қажет; жүргізушілердің міндетті автосақтандыру полисі бар; залал сомасы 100 АЕК-тен аспауы қажет.
“Еурохаттама”қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу қажет.
ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс. ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
Exit mobile version