Úı ANONS «Кірпішпен ұрған»: Түркістан облысында анасы мен қызының мәйіті табылды

«Кірпішпен ұрған»: Түркістан облысында анасы мен қызының мәйіті табылды

фото ТО ПД

Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Жасы 30-ға таяған ер адам әйел мен оның қызын өлтірген. Алдын ала дерек бойынша, күдікті оларды кірпішпен ұрған. Бейресми мәліметтерде марқұм әйелдің жасы 46-да қызы 15 жаста делінген. Полиция бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облысы ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары: «Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді. Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады»

Exit mobile version