«LALA» гүлдер мен тәттілер дүкені ашылды

29

Романтик жандар үшін жақсы жаңалық! Мегаполисте гүлдер дүкенінің саны артты. Енді «Lala» гүлдер мен тәттілер әлеміне келіп, жақыныңызға қуаныш сыйлар керемет сыйлықтарды ала аласыз. Ең бастысы сапасы жоғары, бағасы қалтаға қонымды.

Жастардың серуен алаңына айналған бұл локация гүлдер дүкенімен толықты. «Lala» гүлдер мен тәттілер әлемінде сезіміңізді білдіруге арналған түрлі тауар түрлері бар. Романтик жандардың сүйікті ортасынан қалтаға қонымды гүл шоқтары, тәттілер мен сүйкімді ойыншықтарды таба аласыз.

«Lala» гүлдер мен тәттілер дүкені Шымкенттің 3 бірдей нүктесінде орналасқан. Мұнда гүлдердің 50-ден астам түрі бар. 24 жастағы Динара Орынбасарова бұл дүкеннің тұрақты сатып алушысы. Анасын қуантуды көздеген бойжеткен көздің жауын алар гүл шоқтарын «Lala» гүлдер орталығынан алды.

Динара Орынбасарова, сатып алушы: «Бүгін мен туған күн иесіне гүл алдым. «Lala» дүкенінен. Бұл жердің маған ұнайды. Және бүгін маған сыйлыққа осындай шоколадты құлпынай берді. Әсіресе маған бұл жердің қызмет көрсетуі ұнайды. Қыздар өте сыпайы, гүлдерді жақсы таңдап береді»

«Lala» гүлдер орталығындағы тәттілер жоғары сапалы өнімдерден дайындалады. Демек, еш ойланбай әдемі гүл шоқтары мен тәтті бәліштерді осы дүкеннен алсаңыз болады. Мұнда сатып алушылар үшін барлық жағдай жасалған.

Алуа Аманбек, «Lala» гүлдер мен тәттілер орталығының жетекшісі: «Біздің қалада 3 дүкеніміз бар. Ең ығайлы жерлерден ашылғанбыз. Осы Нұрсәтте Ақмешітте, Аллеяда және Ө. Жәнібеков көшесінде орналасқанбыз. Қолайлы локация, келіп алып кетуге барлық жағдай жасалған. Көп гүл дүкендерінде тек гүлдер сатылады. Жанына торт алу үшін басқа жерге бару керек болады. Ал біз соның бәрі біздің дүкенде бар. Кондитерлеріміз ең жоғары сапалы өнімдерден тәттілерді дайындайды. Өнімнің сапасына жауап бере аламыз»

Ашылу салтанатына орай «Lala» гүлдер мен тәттілер дүкенінде акция жүріп жатыр. Егер, алған гүліңіздің бағасы 15 мың теңгеден асса сізге шоколадты құлпынай сыйға беріледі. Сондай ақ, арнайы фотоаймақта суретке түсіп, әлеуметтік желіде лала шымкент парақшасын белгілеу арқылы гүл шоқтарын жеңілдікпен ала аласыз.