Úı ANONS Референдум: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірлерде жүргізілуде

Референдум: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірлерде жүргізілуде

Алдағы референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңір-өңірлерде жүргізілуде.

Бір ғана Алматыда 500-ден астам тақтайша орнату жоспарланып отыр. Ал Шымкентте қала көшелеріне ақпараттық тақтайшаларды орналастыру үшін 200-ге жуық адам жұмылдырылған.

Ақерке Искандерова , «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы: «Жастар белсенділері дауыс беру күніне дейін, үнсіздік күніне дейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс барлық 20 облыста, қалаларда, ауылдарда және аудандарда жүргізілуде. Яғни, біз әрбір тұрғынға жетіп, маңызды ақпаратты жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы халық штабына еліміздің барлық партиялары, жастар өкілдері халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізетін бірнеше ұйымдар кірді».

Айта кетсек, бүгінгі таңда республика бойынша 12 миллион 245 мыңға жуық адам дауыс беруге құқылы. 6 қазанда олар бүкіл ел бойынша 10 мың учаскеде өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсете алады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазақстандықтарға бір ғана сұрақ қойылады: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?». Ал таңдау жасау үшін «Иә, келісемін» немес «ЖОҚ, келіспеймін» деген екі тікелей жауап ұсынылады.

 

Exit mobile version