Шымкентте проблемалық объектілер құрылысының мониторингі жалғасуда

20
фото СЖҚІҚАШҚБД

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам белсенділерімен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған 4 әлеуметтік маңызы бар нысанды сүйемелдеуде.

Мұндай нысандардың бірі, құрылысы 6 жыл бұрын бастау алған «Тұран» шағын ауданындағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысы.

Аталған объектілерге қоғамдық мониторинг жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жол төсемін, су бұру мен веложолдарды орнатуға байланысты кемшіліктерді анықтады.

Мониторинг қорытындысы бойынша тапсырыс берушінің атына жағдайды түзету және құрылысты сапалы аяқтау бойынша ақпараттық хат жолданды.