Úı ANONS Тұрғындар қалалық кәріз-тазарту құрылыстары кешенінің жұмысымен танысты

Тұрғындар қалалық кәріз-тазарту құрылыстары кешенінің жұмысымен танысты

Қоғам белсенділері мен Ынтымақ-2 тұрғын алабының халқы қалалық кәріз-тазарту құрылыстары кешеніне барды. Олар ағынды суды тазарту процесімен танысып, жағымсыз иістің жоқтығына көз жеткізді. Сондай-ақ, кешен басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қоғам белсенділері мен Ынтымақ-2 тұрғын алабының халқы қалалық кәріз-тазарту құрылыстары кешеніне барып, ағынды суды тазартудың барлық циклімен танысты. Тұрғындар ағынды судың кешенге қанша мөлшерде түсетінін, олар қандай технологиялық кезеңдерден өтетінін көрді. Сондай ақ, тазартылған ағынды судың ауыл шаруашылығы үшін жарамдылығына да көз жеткізді. Бұл процесс мамандардың жоғары біліктілігін, заманауи жабдықты және жұмысқа жауапкершілікпен қарауды талап етеді дейді жауаптылар.

Тұрғындарға тазарту құрылыстары кешенінің қуаттылығын арттыру туралы да айтылды. Себебі қала тұрғындарының саны өсіп, су бұру қызметтерін тұтынушылардың саны артқан. Сәйкесінше, ағынды судың көлемі өсуде дейді мамандар. Ал, қалада нөсер кәрізі жоқтығынан жауын-шашын тазарту қондырғыларына түсетін көрінеді. Салдарынан, кешенге түсетін судың мөлшері де артады.

Жағымсыз иіс ұзақ уақыт бойы кешенге жақын орналасқан тұрғын үй халқы үшін үлкен мәселе болып келген. Бүгінде «Айдро процесс» жаңа технологиясын енгізу арқылы қолқаны алатын иіс мәселесі шешімін тапқан. Айта кетсек, «Су ресурстары-Маркетинг» компаниясы тұнба жауын-шашынды кәдеге жарату бойынша да бірқатар жұмыс атқарып келеді.

Exit mobile version