Президент Түркістандағы «Білім-инновация» лицейінің оқушыларымен жүздесті

23
фото Отырар.кз

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан білім-инновация лицейінде болды. Қасым-Жомарт  Кемелұлы балалардың  білімге, өнерге  деген құштарлығын, спортқа деген ынтасын көріп,  ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Бұл мектептің аты жақсы «Білім-инновация». Жастар білімді болуы керек. Сондықтан баршаңызға бақыт тілеймін. Білімді болыңдар».

1997-2024 жыл аралығында  білім ордасын 1072  түлек бітірген. Грантқа тсүкендердің саны 95 пайызды құрайды. 127 оқушы шетелдегі жоғары оқу орындарына түскен. Балалардың білім алуында озық технологиялар кеңінен қолданылуда.