Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар ер адам ұсталды

21
фото ТО ПД

Сарыағаштық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі тұрғынның ұялы телефоны мен ақшаларын күштеп тартып алған күдікті ер адамды ұстады.

Анықталғандай, екі жәбірленуші түнгі уақытта кафеден шығып такси іздеген. Оларға көшеде жолыққан белгісіз ер адам олардың мас халде екенін байқап, шабуыл жасаған. Күдікті ер адам күш қолдану арқылы құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
Полицейлер ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефондарды тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.