Úı ANONS Түркістанда АӘК алушылар саны азайған

Түркістанда АӘК алушылар саны азайған

Фото: Отырар.кз

Түркістан облысында кедейшілік деңгейін төмендету, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Бұл мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауына алынған. Өңірде инвестициялар тарту, жұмыссыздарды нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлік қызметті дамыту, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру, аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру арқылы аз қамтылған азаматтар санын кемінде 15%-ға азайтуды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүруде.

Шартты ақшалай көмек алушылардың жұмысқа қабілетті 34525 азаматы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарымен – 9562 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 611 адам, «Жастар практикасымен» – 106 адам, ақылы-қоғамдық жұмыс орындарымен – 1322 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 34 адам қамтылды. 106 адам кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеліп, өз ісін ашты.

Мемлекеттен бөлінген қаржыдан бөлек, облыста «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Оның мақсаты – қайырымдылық қызметке демеушілерді тарту және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету. Табыстарын арттыру үшін 2023 жылы «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы 993 отбасыға 292,7 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Биыл 635 отбасыға 94,8 млн. теңгеге көмек берілді. Сондай-ақ облыста әлеуметтік көмек көрсетудің нақтылығына және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге ерекше қөңіл бөлінуде.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың дұрыстығына мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, жол берілген бұзушылықтарды жою және заңсыз төленген қаражатты бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ ақпараттық жүйе үнемі жетілдіріліп отырады. Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлердің барлық дерлік табыстары ақпараттық жүйеде көрінеді. АӘК тағайындау процесін және тағайындау үшін қажетті құжаттар топтамасын оңтайландыру жүзеге асырылды.

2025 жылдан бастап АӘК тағайындаудың жаңа методикасын енгізу көзделген. Бұл жерде отбасылардың табыстарымен қатар шығыстары да есепке алынады. Еңбекке жарамсыз, мұқтаж азаматтарға ғана әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Түркістан облысында 2023 жылдың қорытындысымен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 157,7 мың адамды (27 039 отбасы) немесе облыс халқынан үлесі 7,4%-ын құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20,5 пайызға төмендеді (2022 ж. – 198,4 мың адам). Кедейлік деңгейінің төмендеуі атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі белсенді жұмыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2024 жылдың 1 қыркүйегіне атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 89,2 мың адамды немесе облыс халқының 4,1%-ын құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 62,4 мың адамға немесе 41,2%-ға азайды. Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларды жұмыспен қамту үлесі жыл сайын ұлғайып, 2024 жылдың 8 айында еңбекке жарамды 22,4 мың атаулы әлеуметтік көмек алушының 15,7 мыңы немесе 70,4% жұмыспен қамту шараларына тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтын үлесі 2020 жылдан бастап 4,3% төмендеп, 7,9%-ды құрады. 2024 жыдың соңына дейін кедейлік деңгейін 5,5% -ға дейін, ал АӘК алушылардың санын 26%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Exit mobile version