Úı ANONS «Үйіңе ұры түспесін десең, әлеуметтік желіге сурет салма!» — полиция

«Үйіңе ұры түспесін десең, әлеуметтік желіге сурет салма!» — полиция

фото Отырар.кз

«Үйіңе ұры түспесін десең, әлеуметтік желіге сурет салма!». Шымкенттік полицейлер қала тұрғындарына осындай кеңес берді. Сөздерінше, демалысқа кеттім деп жазба жариялаған жандардың үйіне ұрлыққа түсетіндер бар екен. Тәртіп сақшылары үй-жай ұрыларынан қорғанудың бірнеше тәсілін айтты.

Қуаныш Жүнісов, ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі: «Жер үй секторлары болған жағдайда көшелеріне ұйымдасып бейнебақылаулары болмаған жағдайда, камера орнатса. Сонымен қатар, қала тұрғындарына ескертетінім, егер де жаз, күз мезгілдерінде демалыс аймақтарына шығып жатқан кезде, әлеуметтік желілерге мейлінше өздерінің фотоларын, видеоларын жүктемесе. Себебі жаңағыдай әлеуметтік желідегі фото видеоларды көрген арам пиғылдағы азаматтар үйде ешкімнің жоқтығын біліп, сол үйлерге ұрлыққа түсіп жатады»

Ең бастысы, сапалы құлып таңдау керек дейді полицейлер. Айта кетсек, Шымкентте жыл басынан бері 220 пәтер ұрлығы тіркелген. Бұл былтырмен салыстарғанда едәуір төмен көрсеткіш деді мегаполис полицейлері.

Exit mobile version