Жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді кәсіптік білім беретін мекемелер бекітілді

27
фото ШӘҚБ

Шымкент қаласында биыл білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 1 110 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау үшін білім беру ұйымдарынан 29 жұмыс берушіден 44 мамандық бойынша 1820 адамды оқыту үшін өтінім берілген.

Ал, жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін 29 мекемеден 52 мамандыққа 2014 адамды оқытуға ұсыныс түсті.
Комиссия отырысында өтінім берген мекемелердің техникалық базасы, жұмыс орындары, бүгінге дейінгі экономикалық ахуалы мен салық төлемдері қаралды.
Нәтижесінде, комиссия қорытындысымен білім беру орталығында 14 жұмыс берушіге 26 біліктілік бойынша 533 жұмыссыз азаматты оқыту, жұмыс берушілердің жұмыс орнында 12 мекемеге 25 біліктілік бағытында 200 жұмыссыз адамды оқыту бекітілді.
Оқу мерзімі үш ай. Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік білім беру барысында 43 574 теңге шәкіртақы төленсе, жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыту үшін 73 840 теңге айлық жалақы қаралған.
Одан бөлек, оқуға қатысушыларға 7 384 теңге (2 АЕК) бір реттік әлеуметтік төлем қаралған.