Úı ANONS Балабақша ақшасын жымқырғаны үшін сотталды

Балабақша ақшасын жымқырғаны үшін сотталды

фото e-history.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен /мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру/ айыпталған.

А. Шымкент қаласы білім Басқармасының (коррекциялық) №22 «Шыңғыс» балабақшасы» ММ-нің есепшісі қызметін атқарып жүріп, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып, өзіне еңбек ақысын есептеу барысында артығымен жалпы сомасы 5 052 371 теңгені аударып, ірі мөлшердегі ақшаны иемденіп алып, мемлекетке залал келтірілген.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды Сотталушы кінәсын толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіруін, келтірген залалды толық өтеуін, асырауында жасөспірім баласы болуын таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот, А.-ны ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
ҚК-нің 74-бабын қолданып, жазаның орындалуын 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.
Exit mobile version