Мопед иесіне әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

22
фото adyrna.kz

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Т.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Т. 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласындағы Төле би көшесімен Ж.Адырбеков көшесі бағытында мопед басқарып келе жатып, Анарова көшесінің қиылысында бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан Ж.-ның басқаруындағы ВАЗ 21061 маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде мопедке және көлік құралына материалдық залал келген.
Сот отырысында Т. кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, жол көлік оқиғасын абайсызда жасағанын растап, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.
Сонымен қатар, сот құқық бұзушының берген түсінігімен және полиция инспекторының жауабын тыңдап, анықталған мән-жайларға сүйене отырып, жауаптылықты жеңілдетететін мән-жай оның кінәсінің мойындағанын, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жай алдын осы тектес жауапкершілікке тартылғанын ескере отырып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.