Отбасылық жанжал бітімгершілікпен аяқталды

фото egemen.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Б. ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) айыпталған. Сотталушы 2025 жылдың мамыр айында үйде әйелімен болған ұрыс- жанжал барысында, олардың арасын ажыратуға түскен қызына жеңіл дене жарақатын салған.
 
Сотталушының кінәсі өзінің және куәнің жауабымен, оқиға орнында жүргізілген қарап – тексеру хаттамасымен, сот – сараптмасы қорытындысымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
 
Прокурор тараптардың татуласына байланысты, істі өндірістен тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп істі тоқтатуды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын және істі өндірістен тоқтатуды сұрады.
 
ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады
Сот, Б.-ны ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен өзара татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі өндірістен тоқтатты. Қаулы заңды күшіне енді.