Оңтүстік бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада алда келеді АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстік бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада алда келеді

Оңтүстік Қазақтан облысында 2017 жылғы 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыс халқының саны 2 914 054 адамды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Нәтижесінде республика бойынша біздің облыс бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларын есепке алғанда халықтың табиғи өсімі 47 917 адамды құраған. Бұл өткен жылға қарағанда 10,3 пайызға көбейіп отыр. — Биылғы 9 айда облыс көлемінде бала туу көрсеткіші 59 061-ді…

Read More
Алматы, Астана қаласының дәрігерлері Шымкентте қабылдады АНОНС Жаңалықтар 

Алматы, Астана қаласының дәрігерлері Шымкентте қабылдады

Алматы, Астана қаласынан келген дәрігерлер Шымкентте қабылдау жүргізді. Мамандар облыстық балалар ауруханасы жанындағы емханада медициналық тексеру өткізді. Өзге қаладан келген ақ халаттылар туа бітті түрлі дертке шалдыққан балаларды тексерді. Олардың арасында ортопед, неврапатолог, реаниматолог және УДЗ маманы бар. Бүгін таңғы сағат тоғыздан басталған тексеру жұмыстары кешке дейін жалғасты. Сондай-ақ, мамандар церебральді сал дертіне шалдыққан балаларды тексерді. Дәрігерлер дертіне байланысты кейбір балғындарға ота жасау қажеттігін айтып, Алматы, Астана қалаларына жолдама берді. Лаура Нахыпқызы

Read More
Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының берері көп АНОНС Жаңалықтар 

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының берері көп

Сұранысқа ие мамандыққа машықтанып, кәсібіңізді дөңгелетуге болады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында осындай мүмкіндіктер қол жеткізе аласыз. Еңбекке епті күнгейліктер осылайша жұмыспен қамтылып, табыстарын еселеп отыр. Сыздықовтар отбасы жылыжай шаруашылығымен айналысады. Жеңілдетілген пайызбен 5 млн теңге несиесін алған тұрғындар 9 соттық жерге қияр мен қызанақ егеді. Алғашқы жиын-терімнен 15 тонна өнімін алған олар қазір жергілікті нарықтан бөлек Тараз, Қызылорда, Байқоңыр қалаларына да тауар тасымалдауда. Осы науқанда өнім көлемін арттырып, 20 мың тонна көкөніс жинаймыз деп құлшынып отыр. Наргиза Исакова бағдарлама аясында ұйымдастырылған үш…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

Медициналық-әлеуметтік сараптама құжаттары электронды түрде қабылдануда

Мүмкіндігі шектеулі жандар енді мүгедектігін растайтын құжатын электронды форматта өткізеді. Бұрын осы бір құжатты толтыру үшін кабинеттен кабинетке жүгіріп, уақыт жоғалтатын. Енді ол күндер артта қалмақ. Бұл жобаның нәтижесінде ең алдымен уақыт үнемделеді, қағазбастылықтан толықтай арылтады. Ашықтық орнатылады. Құжат «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға электронды жолдау» деп аталады. Жоба 2017 жылдың қаңтарынан бастап қолға алынған, құжатты мамыр айынан бастап емдеу мекемелері 100 пайыз электронды түрде жіберу талап етілуде. Биыл қағаз түрінде де қабылданып келген құжат келер жылы тек электронды нұсқада ғана қабылданады. Ернар Пернеқұлов, методология және МӘС бөлімінің басшысы: «Мүгедектікті тағайындау мемлекеттік қызмет…

Read More
Леңгір мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды АНОНС Жаңалықтар 

Леңгір мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды

Мүмкіндігі шектеулі балалар салауатты өмір салтын қалыптастырады. Ленгір қаласындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы қосалқы мектеп-интернатында арнайы кабинет ашылды. Онда тәрбиеленушілер теориялық білім алып, арнайы тренингтерге қатысады. Осынау аядай ғана бөлмеде балалар салауатты өмір салын қалыптастыруға дағдыланады. Есігін айқара ашқан арнайы кабинетте алғашқы сабақ та өтті. Ақ халаттылар бұл балалардың жұқпалы дертке шалдығу қаупінің зор екенін айтады. Сондықтан арнайы жабдықталған бөлме жас өскіндердің денсаулығын күтіп, салауаттылығын сақтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. 9 сынып оқушысы Алаң Байрамықов салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы жазылған тың дүниелермен танысуда. Брале шрифтімен жазылған бұл…

Read More
Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды АНОНС Жаңалықтар 

Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын биогаз қондырғылар кешені іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасының жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті. — Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехияның «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау имаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын…

Read More