Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жұмысы сынға ілінді

649

Бүгін бірнеше мәселені қамтыған облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет пен медицина, жол мәселелері талқыланды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыс мәслихаты шешімінің жобасын таратып айтып берді. Сөйтті де қоғамдық кеңес мүшелерінің сынына қалды. Жұмысы жүйесіз деп сыналған басқарма басшысы өзіне де, орынбасарларларына шық жуытпады. Асығыс пәкір айтуға ерте дейді.

Облыстағы әлеуметтік маңызы бар жол қатынастарының тізбесін айқындау туралы шешім де кеңес мүшелерінің назарынан тыс қалмады. Сала басшысының айтуына қарағанда бүгінде тасымалдаушылар қып-қызыл шығынға батып отыр. Өз-өзін ақтамайтын ауданішілік бағыттарды мемлекет тарапынан субсидиялау қажеттігін алға тартты.

Қоғамдық кеңес мүшелері Шымкент қаласының мәртебесі туралы Президент жарлығының әкімшілік орталығын көшіру және облыстың шекарасын өзгерту туралы Үкімет қаулысының жобаларын да талқы таразысына салды.