Оқыс оқиға 

Шымкенттік тұрғын өзімен ажырасқан әйелін пышақтап тастады

Күйеуі әйелін пышақтап тастады. Содан кейін өз кәнісін толық мойындап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. Сорақысы сол, бұл азамат бейнежазбада осы әрекетін күнә емес, керісінше, Алланың жолындағы міндетім деп мәлімеде қалдырған. Ал ауыр жарақат алған азаматшаның туыстары күйеу баласының айтып отырған айыптауымен келсіпейді. Айтуларынша, екі баланың анасы ешқандай жат ағымға кірмеген. Қазір пышақ жарақатын алған келіншек ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер, әйелдің өмірімен күресуде. Бесресми мәліметтер бойынша, күдікті азамат қамауға алынған. Бірақ, бұл ақпаратты ІІД баспасөз қызметі растамады. Сандықыз Жақсылықова, жәбірленушінің анасы: » Қызым ешқандай жат…

Read More
Оқыс оқиға 

13 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер Өзбекстанда ұсталды

Шардара АІІБ-нің жедел ізкесушілері жергілікті тұрғынды өлтіріп, іздеуде жүрген 36-жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. 2004 жылы Шардара АІІБ-не жергілікті тұрғындардан Шардара өзенінің маңындағы 50 шақырым жерде қамыс арасында белгісіз азаматтың азаптап өлтірілген мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен. Полицейлердің тексеру барысында жәбірленушінің түр-тұлғасын анықтады. Механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болған Мақтарал ауданының 1961 жылғы тұрғыны екені анықталды. Аталған жайт негізінде полиция бөлімінде «кісі өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғаларды анықтау барысында полицияда іздеу ісі ашылып, ішкі істер органдары құрылымдарына және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іздеу бағыты (ориентировка) жіберілді. Арада 13 жыл…

Read More
Оқыс оқиға 

Көлікпен адам қағып, мерт қылған күдікті ұсталды

31 қазан түнгі сағат 12 шамасында Түркістан қаласы Саттарxанов көшесінің бойындағы жанар-жағармай құю бекетінің жанында жаяу жүргіншіні көлік қағып, автокөлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгер Сұңқардың көмегімен (қауіпсіздік үшін есімі өзгертілген) және полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде күдікті ұсталды. Жаяу жүргіншіні қағып, 70 метрге дейін ұшырған жүргізуші 1989 жылы туған С деген азамат екені анықталды. 28 жасар күдікті қамауға алынған. Жол-көлік оқиғасынан мерт болған марқұмның соңынан 3 перзенті қалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. ҚР ҚПК нің екі бабы бойынша, яғни, 345-бабының 3-бөлігімен және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін…

Read More
Тараздың тұрғыны Шымкентте 5,5 келі есірткімен ұсталды Оқыс оқиға 

Тараздың тұрғыны Шымкентте 5,5 келі есірткімен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 5,5 келі есірткі алып жүрген Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.   Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Шымкент қаласының маңындағы Леңгір тасжолында «Хундай» автокөлігін тоқтатады. Көліктің ішінде отырған жолаушы, Тараз қаласының 50 жастағы тұрғынынан екі полиэтилен пакетте оралған шөптесін зат анықталып, тәркіленіп алынды. Бұдан кейін полицейлер күдікті әйелдің Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерін тінту барысында 7 орама марихуана есірткі затын тауып, тәркілеп алды. Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес тәркіленген заттың шамамен 5,5 келі кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған…

Read More
Оқыс оқиға 

Шымкентте тежегіші істен шыққан автобус жол апатына ұшырады

Шымкентте қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты тіркелді. Оқиға Әйтеке би көшесінде болған. Бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтап тұрған №112 бағыттағы көлікті артынан келген автобус соғыпты. Әп-сәтте жолаушылары және өзі абдырап қалған жүргізуші басынан соққы алдым дейді. Оған ішіндегі аяғы ауыр келіншектің мүшкіл халын қосыңыз. Тағы да үш жолаушы қатты шошып қалды. Оларға бірден жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Камераға түсуден бас тартқан зардап шегушіні аурухана алып кетеді. Ал жүргізуші оқиғаның қалай орын алғанын өзі баяндап берді. Айтуынша, оқиға көзді ашып жұмғанша орын алған. Ішіндегі жолаушылар шулап қоя бергенде, сасып…

Read More
Оқыс оқиға 

Есірткіні шекерадан өткізбекші болған жігіт ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу басқармасы мен «Қазығұрт» кеден бекетінің қызметкерлері бірлесіп, 26 қазан күні есірткі тектес күмәнді затпен Қазақстан азаматын ұстады. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы нәтижесінде күмәнді заттың 30 гр «Канабис шайыры» екені анықталды. Ұсталған жігіт оны қалпағына жасырып, шекарадан өтпек болған екен. Қазақстан Республкиасының «Есірткі және психотропты заттар туралы» заңына сәйкес бұл көлемді есірткіге жатады. Күдікті азамат Тараз қаласының 21 жастағы тұрғыны. Қазір ол Сарыағаш ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Read More