АНОНС Жаңалықтар Сұрақ-Жауап 

Уытсыздандыру орталығы туралы не білеміз?

Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдік ішіп, жұрттың мазасын алғандарды заң басы-нан сипамайды. Оларды ортадан оқшаулап, мастығынан айыққанша ұстайтын орындар бұрын да бар еді, бүгін де жоқ емес. Орталықтың бүгінде аты да, заты да өзгерген. Бұрын Ішкі істер органдарының қол астында болғанда «қалалық медициналық айықтырғыш» деп аталса, қазір «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру» орталығы деп аталады. Бұрын мұнда тек бір ғана дәрігер болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына өткелі бері мұнда түскендерге толық медициналық көмек көрсетіледі. Орталықта дәрігер, медбике, фельдшер жұмыс істейді. 1. «Айықтырғышқа» кімдер жеткізіледі? – «Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру» орталығына көбіне қоғамдық…

Read More
Жаңалықтар Сұрақ-Жауап 

Коммуналды пәтерді сатып алуыма бола ма?

С: Арендалық тұрғын үй бағдарламасы аясында «Нұрсәт» шағынауданынан пәтер алдым. Айына 4000 теңгеден төлеймін. «Белгілі бір уақыт өткеннен кейін мемлекет үйді өз меншігіне алып қояды екен» деген әңгімелер естідім. Сондықтан тезірек өз меншігіме өткізсем деймін. Пәтерімді баспананы сатып алуға не болмаса тұрғын үй алудың басқа бағдарламаларына ауыстыра аламын ба? Зарина ПАЙЫЗХАН Коммуналды тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сауалға Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Жұлдыз Ордабекова жауап берді. Ж: Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілген азамат(ша) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы төлейді. Төлемақы…

Read More
Жаңалықтар Сұрақ-Жауап 

«Циркке қызығатын балаларды ауылдардан іздейміз»

Елімізде үш цирк мекемесі болса, соның бірі — Оңтүстікте. Жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде Халықаралық цирк күні аталып өтеді. Биыл 15 сәуірге тура келген атаулы датада «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің директоры Арман Әлиевпен сұхбаттастық. – «Оңтүстік-Цирктің» құрылғанына бес жылдан асты. Цирктің ашылған кездегі жағдайы қалай еді? Қазір қандай? – Бес жыл цирк өнері үшін өте аз уақыт. Күрделі де қиын, физикалық тұрғыда ұзақ уақыт, көп дайындықпен келетін өнер. Бастапқыда мамандар жетіспеді. Қазір 90 пайызға толыққандай болдық. «Енді-енді қалыптасып, тәй-тәй басып келеміз» десек болады. Десе де жетістік бар жерде кемшілік те бар. Бар…

Read More
АНОНС Сұрақ-Жауап 

«Зейнетақы қорындағы жинағымды қалай аламын?»

Зейнетақы төлеу бойынша редакциямызға келіп түскен сауалдарға «ААҮ» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары Несібелі Қаражанова жауап берді. C: Зейнетке шығуға қажетті құжаттарды ресімдеу оңай емес. Зейнетке шығатын мерзім жақындағанда ең алдымен қандай мәселелерге мән берген жөн? Ж: Расында, көп уақытты қажет ететін құжаттар болады. Олар жасына байланысты жәрдемақылары, көп балалы аналардың балаларының құжаттары. Мәселен, әр баласының туу туралы куәлігі, олардың 18 жасқа дейінгі өмір сүргендігін дәлелдейтін жеке куәліктері. Не болмаса еңбек кітапшасында КСРО уақытында жұмыс істеген кезіндегі ескі мөрлер кездеседі….

Read More
АНОНС Жаңалықтар Сұрақ-Жауап 

«Narxoz Challenge» олимпиадасы өтеді

Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Қазір көптеген жастар ата-анасының қалаған мамандығын өзі қаламаса да оқиды. Немесе жиі таңдалатын мамандықты оқып, оқу бітіргеннен кейін жұмыссыз жүреді. Осы тұста жаңылмай мамандық таңдау жайында қаламыздағы Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп директоры Ұлжан Әшімқызынан сұрап білдік. – Баланы болашақ мамандығына бейімдегенде ата-ана нені ескеруі керек? – Балаға «осындай маман иесі бол» деп айтуынан ол бала сол маман иесі болып кетпейді. Әсер ететін факторлар өте көп. Біріншісі — генетикалық фактор. Бойында шығармашылыққа ата тегінен бейім ұрпақ міндетті түрде бір жағын алады. Мысалы…

Read More
Сұрақ-Жауап 

Заңгер кеңесі

Құрметті оқырмандар! kz.otyrar.kz сайтында бұған дейін де бірнеше «Заңгер кеңесі» айдары болғаны белгілі. Онда сіздер өз сұрақтарыңызды қойып, жауап алып келдіңіздер. Бүгіннен бастап белгілі бір себептерге байланысты ол айдарлар жабылды. Посттар сайт мұрағатында қала береді, тек, сұрақ-пікір жазу қызметі алынып тасталды. Олардың орнына біз жаңа «Заңгер кеңесі» айдарын ашып отырмыз. Мұнда «Отырар» медиахолдингінің заңгері Венера Шертаева сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді. Өзіңізді мазалап жүрген, жалпы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сай келетін сауалдарыңызды қоюға болады.

Read More