АНОНС Жаңалықтар 

«Аула клубтарының баланың талантын ұштауға қосар үлесі қомақты»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары — «Артшайн» аула клубының маманы, шахмат клубының жетекшісі Қадір Нәлібаев, Әдемі және Нұрдана Қадірқызы. — Жақында ғана «Отырар» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен қалалық шахмат турнирінде Нұрдана 1 орынды, Әдемі екінші орынды жеңіп алған болатын. Қадір аға осы екі шахматшы қыздардың әкесі әрі жаттықтырушысы. Нұрдана осы турнир туралы айтып өтсең… — Маған бұл шахмат ойыны қиынырақ болды. Жүлделі орын алғаныма қуаныштымын. Бірінші турда бір қарсылас, екінші турда үш, үшінші турда 5 қарсыласпен ойнадым. Өзіме сенімді болғандықтан бірінші орынды нәсіп етті. — Әдемі,  жасың небәрі 7-де. Шахматқа қатысқаныңа…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

«Жаһандану процесінің шаңында көміліп қалмас үшін…»

«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы — облыс әкімдігі жанындағы «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық жобалық кеңсесінің «Өлкетану»» базалық бағытының менеджері Төлебек Бектас. — Рухани жаңғыру неден бастау алуы керек, осы жөнінде айтып өтсеңіз… — Рухани жаңғырудың өзі қазақ халқының болмысында ежелден қалыптасып, көшпелі өмір салтымен бірге ұштасып келе жатыр. Оны төл тарихымыздан аңғаруымызға болады. Тамыры тереңде жатқан тарихымыздан біліп отырмыз. Дәл бүгінгі таңда жаңғыру болашаққа бағдар беріп отыр. Әрбір адамның өзінің бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудан, ертеден келе жатқан қазақы тәрбиені жоғалтпаудан, патриоттық сезімдері арттырудан басталуы керек. —…

Read More
Жаңалықтар 

«Өмір – өзеннің» орны ерек»

«Ерекше жандар» бағдарламасының кезекті қонақтары — жас ақын, «Өнерім — көңіл шуағым» байқауының 2-орын иегері, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Төлеген Әбдірасилов және ұстазы Айгүл Омашева. — Төлеген, байқауға қатысып жүлделі орынға ие болдың. Қандай сезімде болдың? — Бұл байқауға қатысқан кезде қатты толқыдым. Мені екінші орын иегері деп жариялаған кезде өте қуандым. — Айгүл ханым, Төлегеннің ақындық қабілетін қалай байқадыңыз? — 2015 жылы бастауыштан 5 сыныпқа ауысқан кезде Төлегеннің сынып жетекшісі етіп тағайындады. Әр сабақта әр баланың қабілетн байқап отырдым. Әдебиет сабағында еркін…

Read More
Жаңалықтар 

«Күздік гүлдерді отырғызудың да өзіндік құпиясы бар…»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — облыстық экологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы Ғазиза Мұстафина. — Күз мезгілінде қандай гүлдерді егуге болады? — Күздік гүлді жапырақтарды жинап біткеннен кейін өзімізге керекті жерге отырғызу қажет. Көктем ерте шыққанда жайқалып өсіп тұрғаны қандай әсем көрінеді. Күзде қызғалдақтарды, нарцис, барқыт, пиязшық гүлдерді егеді. Өйткені олар суыққа төзімді. Күзде отырғызылған гүлдер көктемде ерте бүршік атып, тез гүлдейді. Күзгі мезгілде раушанды қырқуымыз қажет. Оны қырыққан кезде түбінен 30 сантиметрдей қалдырамыз да бәрін кесіп тастаймыз. Ол раушан гүлінің көктемнен күзге дейін әдемі жайқалып өсіп тұруы үшін…

Read More
Мұнай құбырынан шикізат тонаған қылмысты топ ұсталды АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат тонаған топ ұсталды

Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат тонаумен айналысқан топ ұсталды. Оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаменті және прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобы ұстаған. Күдіктілер «Қазтрансойл» акционерлік қоғамының Павлодар-Шымкент бағытындағы мұнай құбырынан шикізат ұрлаған дейді құзырлылар. 12 адамнан құралған қылмысты топ облыстың бірқатар аудандарында мұнай құбырын ойып, сол арқылы қара алтынды ұрлап келген. Ал мұнай құбырын күзетуді қамтамасыз еткен «КМГ-Секъюрити» ЖШС қызмкеткерлері де бұл қылмысты топтың құрамында болған. Қазіргі таңда оннан астам ұрлық фактісінің салдарынан жүздеген тонна мұнай жымқырылған. Қылмысты іске асыру барысында қалпына келтіру үшін миллиондаған теңгені қажет ететін мұнай…

Read More
Жаңалықтар 

Мәртөбедегі жұмбақ өлім…

18 қараша күні Мәртөбе елдімекенінің тұрғындары жедел жәрдем мен құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрайды. Олар көрші үйдегі адамдардан бір тәуліктен астам уақыттан бері хабар жоқ деп қоңырау шалады. Осындағы үйлердің бірінде екі адамның денесі табылған. Олар Өзбекстан азаматы болып шықты. Анықтау барысында марқұмдардың денесінен қинап өлтірудің белгілері табылған жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, бұл жағдай туралы полицейлерден естіген. «Оқиға орнына Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге келген құтқарушылар есікті ашып, ішке кіреді. Құрылысы толық аяқталмаған 2 бөлмелі шағын үйдің едені жоқ. Жуыну бөлмесінде газ колонкасы тұр, оған 50 литрлік пропан газының баллоны…

Read More