Жаңалықтар 

Оңтүстікте сырттан келген келімсектер көп

Ресей рублінің құнсыздануы мен сырттан келген жұмысшыларға қойылатын талаптың күшейтілуі біздің елдегі шетелдіктердің санын арттырды. Қазақстанда да көші-қон заңына сәйкес, сырттан келгендердің заңсыз жұмыс жасауына тыйым салынға.  Осыған қарамастан, тығылып тиын тауып жүргендер көп. Облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері бюджет қаражатына салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, тіркеусіз тіршілк етіп жүрген шетелдіктерді анықтады. Шымкентте жүріп жатқан құрылыс нысандарының басында, қазақстандық жұмысшылардан гөрі, көршілес өзбек елінен келген арзан қол жұмысшылардың саны басым. Көші-қон полициясы қызметкерлерін көре сала, жан- жақа жапа тармағай қашуға әрекетенді, бірақ ойлары іске аспады. Өзбекстан елінен келгендер тек ақша табуды…

Read More
Жаңалықтар 

Бозарықта құбыр бар, ал су жоқ (видео)

Шілденің шіліңгір ыстығында Бозарық саяжайының тұрғындары ішуге су таппай отырмыз дейді. Олар таяуда тағы да үдере көшеге шықты. Негізі, елдімекенді таза сумен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы қаралған еді. Оған ішкі су жүйесі жүргізілген. Алайда сол жүйемен ағатын су болмағандықтан, құбырлар жер астында жатып, шіруге айналды. Тіпті, құрылысы аяқталған «Солтүстік» су магистралінің өзі де тұрғындардың пайдасына жасалмаған секілді. Жерлестеріміздің шыдамы таусылғандай. «Бозарық-2» және «Бозарық» саяжайларында бүгінде он мыңға жуық тұрғын бар. Бірнеше жыл бұрын мұнда су құбырлары жүргізіліп те қойған. Алайда, халық әлі күнге…

Read More
Жаңалықтар 

Кенеге қарсы дәрі де, хауыз да тапшы

Оңтүстікте қырым қанды қызбасының алдын алып, кенемен күресуге дәрі жоқ. Қазірдің өзінде облыс бойынша 300-ден астам азаматты кене шаққан. Ал төрт түлік малды дәрілеу шараларын сәуір айынан бастауды белгілеп қойған жергілікті билік тек қағаздағы қаулыны ғана көрсетіп келеді. Жоғарыға жалтаңдаған Шымкенттің мал дәрігерлері өткен жылдан қалған 5 қап дәріге үміт артып отыр. Арнайы препаратты айтпағанда Шымкент қаласында ұсақ малды тоғытатын әуіз де жеткіліксіз. Қалалық ветеринария бөлімінің мамандары темірден жасалған 8 әуізді қоятын жер таппай әлек. Шаһарға қосылған 40 елдімекеннің онында Кеңес Одағының көзі болған бетон шұңқырлар ғана қалған. Облыстық ауыл…

Read More
Жаңалықтар 

Әлеуметтік жәрдем алу үшін Шымкентте туысың болуы керек

Сайрам ауылынан Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қосылатын тұрғындар шаһарднан туысқан іздейтін болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың халқы бұл қадамға әлеуметтік жәрдемақы алу үшін барады. Себебі, ауылдан қала құрамына енетіндердің барлығы тұрғын үйдің құжаттарын қайта рәсімдеуі тиіс. Ал оған біршама уақыт керек. Амалы құрыған Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары осындай кеңес айтты. Сайрам ауылында Еңбекші ауданы әкімі халықпен кездесті. Сайрамдықтар құжаттарын қайта рәсімдеу үшін сенделіп, Шымкент қаласына бармаймыз, жоқ туысты іздемейміз. Осы ауылдағы халыққа қызымет көрсету орталығында рәсімдейміз құжатты және оны қайта тіркеуден өткізу үшін…

Read More
Жаңалықтар 

Мұғалімдерді мерез ауруына тексеруде

Шымкенттің мұғалімдері шу шығарды. Жуырда тері аурулары диспансерінен келген хатқа ұстаздар қауымы қатты қапалы. Онда оқытушылар мерез ауруына тексерілуін мекеме басшысы табандап тұрып өтініпті. Оның үстіне бұл тексеріс ақылы екен. Онсыз да жаңа оқу жылы басталғалы бірнеше рет сынама тапсырып, дәрігерлік тексеруден өткен ұстаздар қауымы соңғы хатқа кәдімгідей шамданып қалыпты.   Жаңа оқы жылының қарсаңында медициналық тексеруден өткен оқытушылар соңғы үш айда тағы да бірнеше тексеруден өткен. Ұстаздар психоневралогиялық, наркалогиялық диспансерде тексеріліп, сотты болмағанын да дәлелдеуіне тура келген. Ал, енді «мерезге тексерілсін» дегені мұғалімдердің шымбайына шындап батыпты. Күнсұлу Исмайлова, мектеп…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттік депутаттардың арасына жік түсті

Шымкент қалалық мәслихаттың кезекті 26-сессиясында халық қалаулыларының арасына жік түсті. Күн тәртібіне өзгеріс енгіземіз деген депутаттардың ұсынысының соңы тартысқа ұласты. Депутат Нүридин Жарболов күн тәртібіндегі 10 мәселеге 11-ші етіп қалалық мәслихат хатшысының өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысты енгізуді сұранды. Нәтижесінде депутатық корпус екіге бөлініп, ерегіс басталды. Қалалық мәслихаттың кезекті 26-сессиясында депутаттар екі лагерьге бөлінді. Мәселе осыдан үш төрт ай бұрын басталған. Қалалық мәслихаттың 19 депутаты тұрақты комиссия құрамына өзгеріс енгізуді және мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаровтың хатшылық өкілеттігі тоқтатылсын деген хат жолдайты. Алайда бүгінгі сессияда хатшы берілген ұсыныстардың қолданыстағы заңдарға сай еместігін…

Read More