Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында қайырымдылық қаржысының бір бөлігі науқас 9 баланың ем-домына жұмсау үшін олардың ата-аналарына берілді. Бұл қаржы Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болуымен қараша айында өткен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы аясында жиналған болатын. Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысына арнайы шақырылған ата-аналарға қаржыны (әр балаға 400 мың теңгеден) кеңес мүшесі, облыстық мәлихаттың депутаты Әбілқасым Досболов табыстады. Өз кезегінде жаны жомарт жандардың жанашырлығына ризалығын жеткізген ата-аналар осындай игі іске бастамашы болған облыстық ассамблеяға және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді емдеуге, оңалтуға қол ұшын созған барша азаматтарға айрықша алғыстарын…

Read More