Activ Компания жаңалығы 

Activ абоненттері Қазпошта бөлімшелерінде мобильді теңгерімінен қолма-қол ақша ала алады

«Кселл» АҚ мобильді қаржылық қызметтерді (MFS) дамытуды жалғастыруда. Енді Activ абоненттері бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ-ның 3400 бөлімшесінде өздерінің мобильді нөмірлерінің теңгерімінен ақшалай қаражатты ала алады. «Қазақстанның кез келген «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен ақшалай қаражат алу мүмкіндігі біздің абоненттеріміз үшін олардың күнделікті өмірін одан да жеңілдете түседі. Біз «Қазпошта» АҚ-мен стратегиялық серіктестікке қуаныштымыз, бұл қазақстандықтарға арналған мобильді қаржылық қызметтер саласында цифрлық технологиялық шешімдердің жалпы қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе маңызды, себебі «Қазпошта» АҚ бөлімшелері Қазақстанның шалғайдағы елдімекендерінде де бар. Осы қызметті іске қосу біздің абоненттеріміз үшін мүлдем жаңа мүмкіндіктерді ашады,…

Read More
Оңтүстікте үш бірдей ауылда жаңа пошта бөлімшесі ашылды Жаңалықтар 

Оңтүстікте үш бірдей ауылда жаңа пошта бөлімшесі ашылды

Оңтүстікте үш жаңа пошта бөлімшесі ашылды. Оның бірі Қазығұрт ауданында болса, екеуі Сарыағаш ауданында бой көтерді. Жаңадан ашылған пошта бөлімшесінде енді халыққа қажетті байланыс және төлем қызметі көрсетілетін болады. Бұл үшін жаңа бөлімше заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылып, бірыңғай электрондық кезек жүйесі орнатылған. «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Батырбекұлы жаңа бөлімшенің жұмысымен танысып, халыққа тиімді жағын түсіндірді. Ал екінші Қазпошта бөлімшесі Қазығұрт ауданына қарасты Өндіріс елдімекенінде ашылды. Бұл мекеменің қызметі жергілікті халық үшін аса қажет еді. Өйткені ауылдағы ағайын байланыс қызметі немесе зейнетақы алу үшін алысқа сабылатын. Солардың бірі — Төле…

Read More
Жаңалықтар 

«Қазпоштаның» меншігі өзгере ме?

«Қазпоштаны» мемлекет меншігіне қайтару керек. Бұл туралы күні кеше Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева айтты. Оның айтуынша, «Қазпошта» ауыл тұрғындарын газет-журналмен қамтамасыз етуде қауқарсыз көрінеді. Осыған орай сынның астында қалған «Қазпоштаның» облыстағы жай-күйімен таныстық. Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Біз қазір мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша көптеген мүмкіндіктердің бар екенін айтып отырмыз. Егер жергілік билік ғимарат берсе, сіздер көлік бөлсеңіздер болады. Сосын оны 4-5 жылдан кейін жүргізушіге қалдырып, жаңасын алып, жұмысшыларды ынталандыруға болар еді. Мен қазір бүгінгі табыстарыңызбен қаншама шаруа атқаруға болатындығы туралы бірнеше сараптамалық мақалаларды көрсете алам. Ал қазір сіздер…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте жаңа пошта бөлімі ашылды

Шымкентте жаңа пошта бөлімі ашылды. “Нұрсәттіктер” енді жол жүрмей-ақ, сәлем-сауқатын жіберіп, қалаған басылымдарына жазыла алады. Бұл бөлімшеге қаламыздағы 13-ші, 21-ші, 15-ші, 4-ші пошта бөлімшелері бірігіп отыр. «Нұрсәт» шағынауданында пошта байланысының жаңа ғимараты ашылды. Енді “нұрсәттіктер” коммуналдық қызмет, салық төлеу үшін сабылмайды. Хат-хабарды да уақтылы алып, пошталық-қаржылық қызметтің шарапатын көрмек. Бұл пошта мекемесі — қаламызда жыл басынан бері ашылған 4-ші бөлімше. Мекемеге түсініп-тіркелу үшін келген шағынаудан тұрғындары да аз болған жоқ. Талап-тілегін де айтты олар. Немере қызын ерте келген Рукия Иманова бұл күнді асыға күткендердің бірі. «Нұрсәттегі» жаңа ғимараттардың алдында абоненттік…

Read More