АНОНС Жаңалықтар 

Әкім Ысқақ пен Мұрат Бекейдің жыр кітабы жарық көрді

Қазақ әдебиеті тағы бір жыр кітабымен толықты. Қаламгерлер Әкім Ысқақ пен Мұрат Бекейдің «Бәйтерек түбіндегі сырласу» атты кітабы жарық көрді. Өңіріміздегі А.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өрбіген әдеби жинақтың тұсаукесер салтанатына біз де арнайы қатысып қайттық. Қос қаламгер Әкім Ысқақ пен Мұрат Бекейдің ғана емес, барша күнгейлік оқырманның асыға күткен кітап «Бәйтерек түбіндегі сырласу» деп аталады. Кітаптардың тұсаукесер тойына ақындардың қаламдастары мен үзеңгілес достары шақырылған. Оқырмандар мен жас қаламгерлер де осында. Олар кеш кейіпкерлерінің сырға толы жыр шумақтарын жатқа оқып, поэзия-көрінісін ұсынды. Хадиша Сайлау, оқырман: «Әкім ағаның өлеңдерін оқыған кезде бойымды…

Read More
Жаңалықтар 

Әкімнің әкесі

  Ұмытпасам, 1977 жылдары болу керек, қазіргі «Ұлан», бұрынғы «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған Әкім деген оқушы баланың «45 минуттың хикаясы» атты әзілін оқып, ішек-сілем қатты. Қысқаша оқиғасы былай: «Жетінші сынып. Геометрия пәні жүріп жатқан. Соңғы алтыншы сабақта: – Күлкеев! – деп мұғалім Анарқұлды тақтаға шақырды. Тақта алдында тұрған Анарқұлға ағай үш бұрыш сызып және оны әріптермен белгілеуді сұрайды. Анарқұл оны әп-сәтте сызып белгілеп берді. – Енді осылардың қабырғалары не деп аталады? – ??? Анарқұлда үн жоқ. Әлде түсінбей қалды ма екен? Өзің белгілеген АВ қабырғасы не деп аталады? – деп…

Read More
Жаңалықтар 

Біздің Әкім

Бір кісі мың кісіге олжа салар Мұғалімдіктен басталған жол Әкім Ысқақ — Қазақстан Республикасының бірінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш «Халықтың көші-қоны туралы» заңның авторы. 1997 жылы Қазақстан бойынша «Жыл адамы» атанды.Шымкент педагогикалық институтын және Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы өзі оқыған Абай атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Бөген аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, республикалық «Лениншіл жас» газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары бойынша меншікті тілшісі, Ордабасы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995 жылы желтоқсанда баламалы негізде Ордабасы сайлау округінен ҚР Парламенті…

Read More
Жаңалықтар 

Әкім Ысқақ жас оқырмандармен кездесті

Шымкент қаласындағы Мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы колледждің студенттері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын-жазушы, еліміздің мәдениет қайраткері Әкім Ысқақпен кездесу өткізді. Бұл кездесудің мақсаты өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың шығармашылығымен етене таныстырып, олармен сұқбаттасуға үлкен мүмкіндік беру. Бүгінгі кездесу маған қатты ұнады. Өйткені бүгінгі кездесуден мен әдебиетті жаны құмартатын жастардың барын айқын анғардым. Бәріде белсенді. Ең бастысы олар шығарма оқуға уақыт табады екен. Менің барлық өлеңдерімді жатқа білетіндері қуантып қойды. Барлық Қазақстанның тұрғындарын ел Тәуелсіздігімен шын жүректен құттықтаймын. Деніміз сау, еліміз тыныш,  аман болайық деді өз сөзінде Әкім Ысқақ. Әкім Ысқақтың…

Read More