"Қазақзергер" салонының қарапайым клиенті лағыл тасты жүзік ұтып алды Компания жаңалығы 

«Қазақзергер» салонының клиенті лағыл тасты жүзік ұтып алды

«Қазақзергер» салонының қарапайым клиенті лағыл тасты жүзік ұтып алды. Зергерлік салонның Шымкенттік филиалында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді. Аталған іс шара «Қазақзергердің» 76 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылып отыр. Шымкенттегі «Қазақзергер» зергерлік салоны жыл сайын қалалықтарға сыйлық үйлестіруді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да ұтыс лотореясының жүздеген қатысушыларының арасында бағалы зергерлік бұйымдары ойнатылды. Ұтыстар — 15 күміс, 5 алтын қымбат әшекей мен лағыл тасты жүзік. Эльмира Бегманова, «Қазақзергер» АҚ Шымкент филиалының директоры: «Қазақзергердің» бас кеңсесі соңғы 10 жыл сайын осындай акция өткізуге мүмкіндік беріп келеді. Клиенттеріміз де біздің зергерлік салонымызға сеніммен қарайды….

Read More