Оңтүстікте жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құрады АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстікте жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құрады

Оңтүстік Қазақтан облысында 2017 жылдың I жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құраған. Осылайша республика көлемінде облыс 5-орынды иемденіп отыр. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. Биылғы қазан айындағы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 374 907 млн теңгеге жеткен. Инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіп саласына, көлік және қоймалау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласына тиесілі. Негізгі инвестициялық салымдардың 57,3 пайызын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған. — Республика бойынша тіркелген заңды тұлғалардың 8,4 пайызы біздің облысқа тиесілі. Астана және Алматы қалаларынан кейінгі орынды алып…

Read More