Жаңалықтар 

Қазақстан жыл өткен сайын ластануда

Қазақстанда небәрі үш жыл ішінде 1,5 млрд. тоннадан астам тұрмыстық және өндірістік қалдық жиналып қалған. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Руслан Бөлтіріков мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 5 млн. тонна тұрмыстық қалдық шығатын болса, 700 млн. тонна өндірістік қалдық айналаны ластайды екен. Оның 20 пайызы жойылуға жатады. Ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.

Read More