Жаңалықтар 

Сайрамның қазақтарын өзбекше оқытып отырған колледж

  Өңірдегі білім саласынан тағы бір былық шықты. Д.А.Қонаев атындағы №25 колледждің оқытушылары қазақ тіліне немқұрайлы қарайды. Бұл оқу орнындағы бағдарлама қазақ тілінде болғанымен, сабақ өзбек тілінде оқытылады. Сонда, 5 бірдей кәсіп бойынша өзбекше оқыған шәкірттер мемлекеттік тілде берілетін куәлікті қалай алмақ? Бұрын бұл кәдімгі жәй мектеп болған. Ауыл балаларын оқытып бірден мамандық беруді ойласа керек облыстық білім басқармасы оны  колледжге айналдырып жіберіпті. Бірақ,  жастардың кәсіп алып шығуын ойлағандар, мемлекеттік тілдің жәйін қажағалауды әдеттегідей ұмытып кеткенге ұқсайды. Сұмдығы сол мұнда сабақтар түгелдей өзбек тілінде оқытылады. Бағдарлама да, сабақ кестесі де…

Read More

Мерекені өзбекше тойлайық

  Өзбек халқының тіл және дәстүр мерекесі Шымкентте аталып өтілді. Кернай мен сырнайдың сазды дауысы Абай саябағындағы мерекеге барша халықты шақырды. Абай атаға тағзым жасап, гүл қойылып, естелікке сурет түсірілді. Күні бойы саябақта ән шырқалып, думанды кеш одан әрі жалғасты. Көңілді концерт, тапананшылар жарысы, түрлі сайыстар келгендердің көңілінен шықты.

Read More