Шымкентте "бомба" деп шошынған тұрғындар түннің жарымында үйлерін тастай қашты АНОНС Оқыс оқиға 

Шымкентте «бомба» деп шошынған тұрғындар түннің жарымында үйлерін тастай қашты

«Бомба» деп жанын шүберекке түйген тұрғындар қыстың суық түнінде көше кезіп кетті. Өйткені көп қабатты үйдің алдынан жарылысқа ұқсайтын күдікті зат табылып, полицейлер бір топ халықты жылы үйлерінен көшеге шығарып, қауіпті аймақты оқшаулап қойды. 13 желтоқсан түнде Шымкентте бір көшенің қозғалысына шектеу қойылды. Полицияға 102 нөмірі бойынша 17 шағын ауданындағы 20 көп қабатты үйдің ауласына бомба қойылған деген хабарлама түскен. Оқиға орнына лезде жеткен полицейлер күдікті аумақты бірден оқшаулап, тексеру жұмыстарын жүргізді. № 20 үйдің тұрғыны: «Полицейлер әр үйді аралап шығып, далаға шығуымызды өтінді. Үйіміздің алдымызда, бомба тұр дегенді естігенде…

Read More
Жаңалықтар 

Ақтөбеде қайтыс болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесі Шымкентке әкелінді

Ақтөбеде қайтыс болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесін Шымкентке әкелінді.  Антитеррорлық операция кезінде қайтыс болған жауынгердің бірі-Шардара қаласының тумасы. Ол 1997 жылы туылған Сапар Досбол Еркінбекұлы. Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Содырлардың қолынан қаза тапқан оның денесі ертең жер қойнауына тапсырылады. Еске салайық, Жексенбі Ақтөбе үшін ойранмен өтті. Күллі жұртты дүрліктірген қанды оқиға «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріндегі атыстан басталды. Ондағы 2 адамды жер жастандырған қаскөйлер іле-шала жолаушылар автобусын басып алып, ішіндегі адамдарды түсіріп, Ұлттық ұлан ғимаратының қақпасын бұзып кірген. Онда да лаң салғандар 3 әскери қызметкерді…

Read More