Компания жаңалығы 

Елбасы Оңтүстікке оң бағасын берді

Өткен сәрсенбіде Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен барлық деңгейдегі әкімдердің жиынында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Елбасының және жиылған қауымның алдында сөз сөйлеп, облыста атқарылып жатқан шаруалар төңірегінде баяндама жасаған болатын. ОҚО әкімінің сөзіне сенсек, облыс көлемінде өндірілген өнім соңғы үш жылда екі есеге өсіпті. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1,7 триллион теңгеден асады деп жоспарланып отыр екен. «Үдемелі индустриялды даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы–2020», «Жұмыспен қамту–2020» сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жылдан-жылға көрсеткіштері артып, өңір экономикасының дамуына үлкен септігін тигізуде. Үдемелі индустриялды даму бағдарламасы басталған алғашқы жылдары облыста жеті…

Read More
Жаңалықтар 

Қоғамдық қабылдау өз ісін ашуға және несие алуға ниеттілерге арналды

«НұрОтан» партиясының облыстық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Бүгінде жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуда және жеке ісін ашқысы келгендерге үкімет тарапынан қолдау көрсетілуде. Осы мақсатта «Жұмыспен қамту» және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалары қабылданған. Игі істің шет жағасын БАҚ естіген сайрамдық Әлиакбар Нұрбеков несие алып, өзінің шағын кәсібін ашудан үмітті. Осы бағытта бүгін алғашқы қадамын да жасап, қоғамдық қабылдауға келді. Әлиакбар Нұрбеков, Сайрам ауданы Жаңаталап ауылының тұрғыны: »  Несие  алып, түрлі түсті металды өңдеумен айналыспақпын. Ол үшін қандай құжаттар қажет. Қазір түсінгенім, жұмыспен қамту орталықтарында кәсіпкерлікке үйренуге болады екен. Құдай…

Read More
Жаңалықтар 

Дау Мед клиникасының жобалары

«Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның қолдауы арқасында «Дау Мед клиникасы» замануи құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа үлгідегі ғимараттың құрылысын аяқтады. Бұл «Бизнестің жол картасы» шеңберінде медицина саласын дамытуға инвестиция құю бағытында жасалған демеушілік көмектің нәтижесі. Асқар ЕСІМОВ: «»Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төорағасының орынбасары: «Дау Мед клиникасы Бизнестің Жол картасы бағдарламасы бойынша медицинаны дамыту жобасының қатысушысы. Өздеріңіз көріп отырғандай бірінші бағыттағы жоба бойынша қаржы мақсатты жұмсалған. Клиниканы аралап, бөлінген қаржының игерілуіне көзім жетті . Енді бұл мекеме жаңа қондырғылар сатып алу үшін қаржылай көмек сұрап отыр. Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін…

Read More
Жаңалықтар 

Кәсіпкерлерге субсидия көп бөлінеді

Әлемде «ғаламдық кәсіпкерлер апталығы» басталды. Ауқымды шара барысында Даму қорының жергілікті филиалы ашық есік өткізді. Жиынға елдегі атаулы бірқатар банктердің, облыс­тық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының, сондай ақ бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. Негізінен күн тәртібінде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағ­дарламасының кең мүмкіндіктері талқыланды. Басқосуда нәсіп еткен кәсіпті қолдаудың мемлекеттік іс -шаралары талқы таразысына түсті. Нақтысы, субсидия бөлу мен кепілдеме жасау, біліктілікті арттыру секілді инвестициялық мүмкіндіктер тұздық болды. Кәсіпкерлер тиісті қаржы саласы­ның мамандарының жеке кеңестеріне шөл қандырды. Сонымен кәсіпкерлікке қолдау көрсету жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл ретте елдегі екінші деңгейдегі банктер жеке бастамашыларды…

Read More