Өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын қолданысқа енгізді АНОНС Жаңалықтар 

Өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын қолданысқа енгізді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодымызды жаңғырту мақсатында оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Егер үйренгіңізге келсе, тегін жүктеуге де мүмкіндік туып отыр. «Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы – оңтүстікқазақстандық ІT маман Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы «Apple» компаниясына мақұлдатып, авторлық құқық иесі атанды. Бүгінде Нұрлан Бауыржанұлы Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің ақпараттық жүйелер мамандығының ІІ курсында оқиды. Жастайынан оқуда озат болып, зейіні зерек өскен Нұрланның алдағы арманы — атақты ІT…

Read More