Жаңалықтар 

ОҚМУ-да студенттік бизнес-инкубатор орталығы ашылды

Енді студенттер де кәсіпкер бола алады. Оңтүстіктің 16 мыңға жуық студенті өз кәсібін ашып, нәсібін көруге мүмкіндік алды. Бұл жағымды жаңалық Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен орын алып отыр. Ендігі жерде күнгейдің бизнеске бейім жастары бизнес-инкубатордың көмегімен ырысты болмақ. Мына студенттер баюдың жолын жақсы біледі. Жоспары тың, сенімі берік. Тек кәсіпкерлік палатадан қолдау тапса, болғаны. Әрі қарай кәсібінен нәсіп көреміз деген үмітін үкілеп отыр. Айгерім Алматова, студент: «Жастарда идея бар. Бірақ, қаражат болмайды. Ал кәсіпкерлерде қаражат бар, идея жоқ. Сондықтан екеуін ұштастырып, жастарды кәсіпкерлікке баулуды көздеп отырмыз. Бұл — болашақ…

Read More