Жаңалықтар 

Мархабат Байғұт Бәйдібектің Құрметті азаматы

Белгілі қаламгер, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұтқа Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Айта кетейік, бұған дейін М.Байғұт Түлкібас ауданының, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті Азаматы атағын алған-ды. Шығыс Қазақстан облысында да жазушымыздың талантына табынған кәсіпкердің «Мархабат» деген дүкен ашқанынан хабарымыз бар. Өзіне тән қолтаңбасы бар, өз оқырмандарын таба білген қаламгерге қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Атағыңыз құтты болсын, Маха! Жазар көбейсін! Айтпақшы, жақында ғана М.Байғұттың «Ақтолғай» атты жаңа кітабы жарық көрді. Онда қаламгердің мемлекеттік қызметте болған жылдарынан сыр шертер дүниелері де қамтылған.

Read More
Жаңалықтар 

М.Байғұттың «Ақтолғай» эсселер жинағы жарыққа шықты

«Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист  Марғабат Байғұттың «Ақтолғай» эсселер жинағы жарыққа шықты. Үлпіл-лүпіл үнге, әспетті әуенге толы бұл жинақтан өмірдің әуезді әнін де, уақыттың уызы мен мен уытын да, дәуірдің дәмегөй дәмін де сезінесіз, бүгінгі әкімдік жүйенің там-тұм талдамасына дейін табасыз. М.Байғұттың аталмыш шығармасы 2010 жылғы Әз Наурыздан желкемді желтоқсанға дейін «Сенбі сайын» деген арнайы айдармен «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланып, оқырмандардың ықыласына бөленген болатын. Жұртшылықтың сұранысына сәйкес кітап етіп шығарылып отырған естелікнамадан оқырмандар қызықты жәйттерді оқып біле алады.

Read More