медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шымкенттегі Абай саябағында елімізде алғаш рет медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды. Бұл аллея Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және «Оңтүстік» медицина қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінің» бастамасымен бой көтерді. Аллея үш бөліктен тұрады. Бірінші таста Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің антынан үзінді келтірілген. Екінші үлкен таста қазақтың алғашқы шипагері, 95 жыл ғұмыр кешіп, осыдан 525 жыл бұрын өмірден өткен, халқымызға өшпес мұра қалдырған, денсаулық саласында өз заманының тарланы болған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мүсіні орнатылған. Ал үшінші тас белгі өзгені құтқарамын…

Read More